Іс-шараның мақсаты — ата-аналарға, мектеп бітірушілеріне және педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, балалардың психологиялық саулығын сақтау, құқықтарын қорғау және қорытынды емтихан алдындағы эмоционалдық тұрақтылықты нығайту болды.
Ашық есік күні аясында:
✅ Ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді
✅ Бітіруші түлектермен мотивациялық жұмыстар
✅ Қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды
✅Ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізілді
Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, балаларға қолайлы психологиялық орта қалыптастырудың маңыздылығы туралы пікір бөлісті💐💐
