Бүгін – әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызы бар мереке. Мемлекеттік рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің және бірлігіміздің символы.
Көк Туымыз желбіреген сайын жүрегімізді мақтаныш сезімі баурайды. Әнұранымыз шырқалғанда туған елімізге деген сүйіспеншілігіміз артып, Қазақстанның азаматы болғанымызды мақтан тұтамыз. Ал Елтаңбамыз халқымыздың тарихы мен болашағын жалғап тұрған қастерлі белгі.
Рәміздерімізді құрметтеу – Отанымызды құрметтеу. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *