Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №133 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 5 маусым 2026 жылы “Kitap CAMP”жобасы аясында бағдарламға сай “Кітап құпиялары”атты кітап оқу акциясы ұйымдастырылды.
🎯 Мақсаты: Балаларды лагерь ережелерімен таныстыру және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
🏃♂️ Сергектік уақыты: Күнімізді көңілді музыкамен, таңғы жаттығумен бастадық.
👥 Топқа бөліну: Балалар кітап атаулары арқылы топтарға бөлініп, лагерьдің негізгі ережелерін (тәртіп, қауіпсіздік, белсенділік) бекітті.
🤝 Танысу ойындары: «Аты + қимыл» және «Ортақ қасиетті тап» ойындары арқылы балалар бір-бірімен тез тіл табысып, достасып кетті.
🏆 Спорт пен Таным: «Жылдам оқырман» эстафетасында жарысып, кітаптың пайдасы туралы шағын викторинада білімдерін шыңдады.
✨ Күтілетін нәтиже: Балалар лагерь ережесін толық түсініп, кітаптар әлеміне үлкен қызығушылықпен қадам басты! Күн соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, көңіл-күйлерін смайликтер арқылы жеткізді.
