Возможно, это изображение один или несколько человек, больница и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
Возможно, это изображение учеба
Шымкент қаласы білім басқармасының №294 шығыс хатын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025–2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базасында жүзеге асырылып жатқан «PROFSTAR» кәсіби бағдар беру жобасы аясында №133 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары кәсіптік бағдар беруші маман Канен Айман Құдіретуллақызының жетекшілігімен «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» базасында ұйымдастырылған танымдық экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар жоғары оқу орнының оқу үдерісімен, медицина саласындағы мамандық түрлерімен, заманауи оқу және зертханалық құрал-жабдықтарымен танысты. Сонымен қатар академияның кітапханасын, мұражайын, спорт кешендерін аралап, медицина қызметкерлері еңбегінің маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет алды.
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыруға, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ болашаққа саналы түрде қадам жасауына ықпал етті. №133 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-10 сынып оқушылары экскурсиядан мол әсер алып, медицина саласына деген қызығушылықтарын білдірді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *